-Осы жерге сол 79-жылы берілген мына столдар. Сол күйі әлі тұр. Міне, 5 минут сайын ашып жабуымыз керекпіз…
Қалалық мәйітхана өткен ғасырдың 70-ші жылдары қолданысқа берілген. Өлімнің неден келгені де, аурудың түрі де осында анықталады. Яғни мәйітхана деген аты болмаса, мұнда көбіне тірі адамның ағзасынан алынған сынама материалдар зерттеледі. Ал қызметкерлер жағымсыз иіске тұншығып отыруға мәжбүр.
Гүлнұр Әбдікәрімова, Маңғыстау облыстық ауруханасы патологоанатомия бөлімінің зертханашы-гистологы:
-Формалиннің иісі алып кетеді мына жерді. Сол иісті сорып тұратын ауа айналдырғышымыз жоқ. Осы жерде отырамыз. Тамағымызды да осы жерде жейміз. Обедсіз жұмыс істейміз. 1 күннің ішінде 8 сағат умен придется жұмыс жасауға.
Ауа айналдырғыштың жатысы мынау. Іске аспай қалғаны әлдеқашан. Одан бөлек, бұзылған медициналық құралдар үйіліп тұр.
-Мына құрылғымен операциялық кесінді жасалады. Ауру мүшеден алынған ет мына пышақпен жіңішке етіп кесіліп, зерттеуге жіберілуі керек. Алайда мұның пышағы өтпейді, оны қайрайтын арнайы қайрағы тағы жоқ. Сондықтан лаборанттар пышақты мәрмәр таспен қайрап жүр.
Патологиялық ұлпалар қазіргі таңда тұрмыстық банкілерде сақтаулы. Оны да зертханашылар үйінен алып келген.
Ольга Павлюченко, Мағыстау облыстық ауруханасы патологоанатомия бөлімінің аға зертханашысы:
-Бізге кеңес беруге Алматы, Астанадан профессорлар келеді. Олар біз қолданып жүрген микроскоппен жұмыс істеуден бірден бас тартады. Себебі ештеңе көрінбейді. Ал біз аурудың қортындысын көзжобамен, түйсікпен ғана анықтап жүрміз. Жаңа құрылғы сұрасақ бермейді.
Патологанатомия бөлімінің жағдайы аянышты екенін облыстық аурухананың директоры да мойындап отыр. Жаңа құрылғылар мәйітхананың негізгі ғимаратындағы күрделі жөндеу біткен соң ғана алынбақ.
Нұрлан Тілепов, Маңғыстау облыстық ауруханасының директоры:
-Қазір құрылыс жүріп жатыр. Сондықтан құрылғы сатып ала алмаймыз. Жеткізуші компания өкілдері келіп, әрбір бөлмені өлшеп кетуі керек. Сөйтіп құрылғының бәрін соған сай жасайды.
Әзірге жаңа құрылғы алуға 10 миллион теңге бөлінген. Ал жөндеу жұмысы 2 айға созылмақ.