Ақтауда мемлекет бөлетін үйге таласқандар төбелесе жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда мемлекет бөлетін үйге таласқандар төбелесе жаздады

Ақтауда мемлекет бөлетін үйге таласқандар төбелесе жаздады

Ақтауда жүздеген адам әкімшіліктің алдында төбелесе жаздады! «Қолжетімді баспана -2020» бағдарламасымен үй беріледі дегенді естіген жастар таң атпай әкімдікке жетіп барған. Құжатын тапсыруға жиналған жұрттың көптігі сонша, тұрғындар кезек үшін бір-бірімен таласып, бет жұлысуға дейін барды. Сөйтсе, баспанасыз жас отбасылар мұнда 3 тәуліктен бері жүр екен. Олар тіпті әкімдіктің алдында түнеген.              

  • 13 Тамыз 2014
  • 277
Фото - Caravan.kz

Таңғы алты.Мемлекеттік қызметкерлер әлі шырт ұйқыда. Бірақ үйсіз жүргендердің кірпік ілуге мұршасы жоқ. Түннен бері кезекте тұр. Көзі сәл тайса болғаны, кезегін басқалар талап әкетпек.           

—  Жексенбіден бері  жүрміз.

— Біз күннің астында тұрмыз

— Соны айтам!

— 200 адам кезекке  тұрды

Жастар бір-бірімен бет жұлысуға дейін бар. Ол түсінікті де. Себебі, барлығы дерлік кісі босағасында жүргендер. Қолжетімді баспана беріледі деген хабарландыруды ести сала жас отбасылардың бірі қалмай әкімдікке жетіп келген.          

-Біз мына жерде 500-ші болып тіркелдік. Күн сайын ЦОН-ға да барамыз! ЦОН-ға да барып түсіріңіздер! Ол жақта да осындай шират! Соны бір реттесеңіздерші! 


Жазира Әлікбаева, Ақтау қаласының тұрғыны:

—  Тамыздың онынан бері жүрміз осында.Әр күні жүз-жүз адамнан қабылдайды.  Қабылдайтын адам санын көбейтсін. Жылдам жылдам қабылдаса  мұндай айқай болмас еді! 

Баспанасыз жүргендер есікті жұлып әкете ме деп әкімдік сыртқа тіпті қарулы күзет те қойған. Жұмадан бері ұзақ-сонар кезектің саны мыңнан асып жығылыпты.

Сағынғали Амангелдиев, Ақтау қаласы әкімдігі тұрғынүй коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы:

— Мыңға жуық адам құжат тапсырды. Оның тек 120-сы өтеді. Қалғандары өтпейді.  

Яғни «Қол жетімді баспана» бағдарламасымен небәрі екі-ақ үй салынған. Онда бар-жоғы 120 пәтер ғана бар екен. Оның өзі пайдалануға келесі жылы берілмек.