Жарияланды: 3800

Ақтауда суға кеткен ағайынды бауырлардың екіншісінің денесі табылды

Ақтауда суға кеткен ағайынды бауырлардың екіншісінің денесі табылды

Ақтауда суға кеткен ағайынды екі бауырдың да денесі табылды. Баланың денесі жағадан 150 метр қашықтықта болған. 

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Баланың денесі "Шора" аумағынан табылды. Ағайынды балалар осы жерде суға түскен. 

10 жасар бала Әбуғали Еркебұланның денесін су арнасына жақын жерден "Сартас" кемесінің капитаны Сергей Григорьев байқаған. 

Еріктілердің іздеуші отряды баланың денесін 11 шілде күні кешкісін шығарды. 

Айта кетейік, бұған дейін ағайынды екі бауыр суға кетіп, денесін бірнеше күн бойы іздестірілді. Олардың 25 жастағы Серік Төлбай мен 10 жастағы Еркебұлан Әбуғали екені анықталды. Үлкен бауырының денесі 10 шілдеде табылды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін