Жарияланды: 560

Ақтауда заңсыз шеруге шыққан "АрғымақТрансСервис" қызметкерлеріне айыппұл салынды

Ақтауда заңсыз шеруге қатысқандар әкімшілік жауапқа тартылды.

"Әкімшілік соттың шешіміне орай оларға ескерту жасалды және әрқайсысы бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге тиіс. Бәрі де босатылды", деді сейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Әйгерім Сиденғалиева. Қазақстанда бір айлық есептік көрсеткіш қазір 1512 теңгені құрап отыр. Алдында хабарланғандай, өткен жексенбіде жергілікті 13:00 сағатта негізінен "АрғымақТрансСервистің" қызметкерлері 150 адам қалада заңсыз шеруге шыққан, олар Қаражамбас кен орнында ереуілге қатысқандығы үшін жұмыстан босатылғандарды қайта жұмысқа алуды және кәсіподақ комитетінің заңгері Наталья Соколованы қамаудан босатуды талап еткен. Алдында белгілі болғандай, "Қаражамбасмұнай" мен оның еншілес компаниялары "АрғымақТрансСервис" пен "ТұлпарМұнайСервис" қызметкерлерінің наразылық білдіргендеріне екі аптадай уақыт болды, олар әр түрлі көтерме коэффициенттер есебінен ақыларын арттыруды талап еткен еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін