Ақтауда жыл басынан бері 205 адам атын өзгерткен - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жыл басынан бері 205 адам атын өзгерткен

Ақтауда жыл басынан бері 205 адам атын өзгерткен

Келешекте онлайн-ресурстардың көмегімен төлқұжат мәліметтерін екі сағаттың ішінде өзгертуге болады

  • 27 Қараша 2017
  • 272
Фото - Caravan.kz

 Ақтау азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметінше, ағымдағы жылдың он айында қаланың 205 тұрғыны атын өзгерткен, деп хабарлайды  Казинформ ИнАқтау-ға сілтеме жасап.

Сарапшылар адамдардың шамамен 10%-і өз есіміне көңілі толмағандықтан, ал басқалар діни наным-сеніміне байланысты оны өзгертеді. Енді біреулер шетелдікке ұзатылып бара жатқанда әке-шешесінің азан шақырып қойған атын ауыстырады. Қалай дегенмен де, жаңа есім жаңа өмір бастаудың негізі деген ұстаным сақталып келеді.

«Он жасқа дейін төлқұжат мәліметтері тегін өзгертіледі. 16 жасында куәлік алғаннан соң тұлғаның өзі Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіне алады. Әрине, бүгінгі таңда бұл процедура шамалы уақыт талап етеді. Дегенмен, келешекте онлайн-ресурстардың көмегімен төлқұжат мәліметтерін екі сағаттың ішінде өзгертуге болады», — дейді Ақтау қаласы АХАТ бөлімінің басшысы Айша Елемесова.

«Қазақстан Ақтау» телеарнасының көрсетуінше, ата-аналар баласына кейде елдегі маңызды оқиғаларға орай есім қояды. Мысалы, таяуда ғана Астанада халықаралық мамандандырылған ЭКСПО көрмесінің құрметіне Бәйдiбэкспо есімді ұл дүниеге келді. Сонымен қатар жергілікті имамдар перзентіне мән-мағынасыз есімдерді қоюдан аулақ болуға кеңес береді.


«Балаға мән-мағынасы жоқ есім қоюға болмайды. Модаға еліктеудің қажеті жоқ, мағынасы терең, жөнді есім қою қажет», — дейді Маңғыстау облыстық Орталық мешітінің наиб имамы Қалмұқан Қамбарұлы.

Ақтау қалалық АХАТ бөлімінің мәліметіне қарағанда, 2017 жылы жеті мың бала тіркелген, олардың арасында Әлихан, Дінмұхамед, Раяна, Кәусар есімдері мейлінше көп тараған.

Соңғы жаңалықтар