«Ақтөбе» грузиялық команданы ірі есеппен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе»  грузиялық команданы ірі есеппен ұтты

«Ақтөбе» грузиялық команданы ірі есеппен ұтты

“Ақтөбе” Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне жолдама алды. Қос ойын нәтижесі бойынша Владимир Газзаев тәлімгерлері әйгілі “Динамо” командасын жарыс жолынан шығарды. Ақтөбеде өткен қарымта матчта алаң иелері грузиялық команданы 3:0 есебімен ойсыратты.

  • 25 Шiлде 2014
  • 175
Фото - Caravan.kz

 

Ал дәл осы уақытта Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында қарағандылық “Шахтер” өз алаңында литваның “Атлантас” командасын қабылдап жатыр. Одан бөлек Алматының “Қайраты” мен “Астана” сырт алаңда өз кездесулерін өткізеді.

Астанада Израильдың “Хапоэль” командасын 3:0 есебімен ойсыратқан қазақстандық ұжым келесі кезеңге өтуге бір табан жақын.Биылғы маусымда алдына биік мақсат қойып отырған “Астана” топтық раундқа жетуді жоспарлап отыр. Ал Алматыда 1:0 есебімен жеңіп тұрып соңғы минутта гол жіберіп алған “Қайратқа” Данияда оңайға соқпасы белгілі. “Хапоэль” мен “Астана”  және “Эсбьерг” пен “Қайрат” арасындағы матчтар Астана уақытымен түнгі сағат 23:00 де басталады.

 


Қазақстандық командалар еурокубокта тартысып жатса, Еуропаның маңдай алды командалары жаңа маусымға мұхиттың арғы жағында дайындықтарын жүргізіп жатыр.

Америкада жергілікті “Лос Анджелес Гэлекси” командасымен жолдастық кездесу өткізген Луи Ван Галь  шәкірттері 7:0 есебімен айқын жеңіске жетті. “Манчестер Юнайтед” сапында Уэйн Руни, Рис Джейм және Эшли Янг дубль авторы атанды. Сондай-ақ Дэнни Уэлбек те бір гол тоғытты. Америкада жолдастық кездесу өткізген “Манчестер Сити” 4:1 есебімен “Канзас Ситиді” ұтты.