Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылының 8 тұрғыны ауыр ішек инфекциясымен ауруханаға түсті
Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылының 8 тұрғыны түпкі себебі беймәлім ауыр ішек инфекциясымен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Агенттік ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер Темір аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне 22-наурызда жатқызылды. Олардың арасында 9-14 жас аралығындағы бес бала бар.
Қазір Кеңқияқта облыстық СЭС-тің мамандары жұмыс істеп жатыр. Зертханалық тексерулер үшін су сынамасы алынды. Науқастар мен олармен қарым-қатынаста болғандарды анықтау үшін қора-жайларды жаппай аралау жұмыстары жүргізілуде. Дәрігерлер сондай-ақ, тағы 17 адамды амбулаториялық бақылауға алды.
Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, қазіргі жағдаймен ауруханаға жатқызылғандар мен бақылауға алынғандардың денсаулық ахуалы орташа деп бағалануда.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін