10-шілде, сенбіде ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов облыс әкімшілігіне жаңа басшыны таныстырды.
Елеусін Сағындықов 57 жаста. Ақтөбе педагогикалық институтын, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірген, экономика ғылымының докторы. Облыстық халыққа білім беру басқармасын басқарған, білім министрінің орынбасары, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Ақтөбе қаласының әкімі болған. Ақтөбе облысының атынан ҚР парламент сенатының депутаты болып сайланған. Сенаттың заң және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің, республикалық «Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі.
Облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, 37 жастағы бұрынғы әкім Ермек Имантаев «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» Елбасы Жарлығымен қызметінен босатылды. Ол облысты екі жылға жуық басқарды.