Жарияланды: 330

Ақтөбе облысында бір жұмысшы тоққа соғылып қаза тапты

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында Дон кен байыту комбинатының электр цехындағы 6-қосалқы станцияның 1977-жылы туған жұмысшысы 19-тамыз күні сағат 16-да жоспарлы жұмыстарын атқарып жүріп 6 мың вольттық тоққа соғылып мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Агенттік ақпаратына сәйкес, жұмысшы оқиға орнында қайтыс болған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть