Ақтөбе облысында болған жол апатынан үш жігіт қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 491.37
  • 570.48
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында болған жол апатынан үш жігіт қаза болды

Ақтөбе облысында болған жол апатынан үш жігіт қаза болды

Адам өліміне әкелген ЖКО Ақтөбе-Орал жолының бойында 29 қараша түнде Ақтөбеден 70 шақырым жерде орын алды, деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінен.

  • 3 Желтоқсан 2014
  • 535
Фото - Caravan.kz

Volkswagen Golf  жеңіл автокөлігі жол-жөнекей көліктер өтетін жолда тұрған ЗИЛ-ға соғылды.

Тергеу анықтағандай, «Фольскваген гольф» «ЗИЛ» автокөлінің артқы бөлігіне кіріп кетіп, оның үстіне көмір төгілген. 25 жастағы жүргізуші мен оның 27 және 28 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Құтқарушылар олардың мәйіттерін таңға қарай бір-ақ шығарды.

Медициналық қорытындыға сәйкес, «ЗИЛ» көлігінің жүргізушісі сау болған.


Аталған оқиғаға сәйкес ҚР ҚК-ның 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.