Ақтөбе облысында ірі далалық өрттер шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында ірі далалық өрттер шықты

Ақтөбе облысында ірі далалық өрттер шықты

Астана. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында ірі далалық өрттер шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 24 Маусым 2008
  • 419
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облысы, Айшуақ ауылдық округі Шалқар ауданында 18 маусымда 11 сағат 12 минутта 11 765 гектар аумақта далалық өрт шықты. Өрт 20 маусымда сөндірілді.

Жетіырғыз ауылдық округінің Шалқар ауданында 18 маусымда 16 сағат 56 минутта 1600 гектар аумақта далалық өрт шықты. Өрт 19 маусымда өртке қарсы күрес департаментінің 9 адамы мен 3 техникасының көмегімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті