Жарияланды: 440

Ақтөбе облысында өрт салдарынан екі ересек адам мен үш бала мерт болды

Ақтөбе облысының Белогорка ауылында жеке меншік үйдегі өрт салдарынан бес адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттіктің дәйегіне жүгінсек, өрт төсек үстінде шылым шегу салдарынан басталған. 12 шаршы метрді қамтыған тілсіз жауды ауыздықтау барысында екі ересек адам мен 1, 8 және 11 жастағы үш баланың мәйіті табылды. Өрт бір сағат ішінде сөндірілді. Оны ауыздықтауға 15 адам мен мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 техникасы жұмылдырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть