Ақтөбе облысындағы Қандыағаш станциясында "Алматы-Атырау" жүрдек пойызының жолаушысынан қомақты көлемде есірткі тəркіленді.
Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейсенбі күні қолға түскен 45 жастағы азамат Тараз қаласының тұрғыны болып шықты.
Тексеру барысында одан 1 кг 971 грамм героин табылды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа тоғытылды.