Ақтөбе облысында шетелдіктер көлік ішінде отырып, уланып қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында шетелдіктер көлік ішінде отырып, уланып қалған

Ақтөбе облысында шетелдіктер көлік ішінде отырып, уланып қалған

Ақтөбе облысында Тәжікстан азаматтары улы газ салдарынан уланып қалған.

  • 13 Наурыз 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

9 наурызда Тәжікстанның екі азаматы өздерінің "Газелімен" Ақтөбеден Әлімбетовтегі шекара бекетіне шыққан. Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, олар шекарадан өтпеген. Тәжікстан азаматтары Ақтөбеге оралуға шешім қабылдаған, онда олардың туыстары болған. Жолда олармен байланыс үзілген.

"Далада жел күшейіп, күн суытып кетті. Алаңдаған туыстары 102-ге хабарласты. Патрульдік полиция ротасының экипажы дереу із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге шықты. Түн жарымда солтүстік айналма жолдың 12-шақырымында "Исламбұлақ" кемпингіндегі автотұрақтан олардың көлігін табылды.

Жүргізуші мен жолаушы көлік ішінде болған. Олар улы газ салдарынан уланып қалған", — деді полиция қызметкері.


Тәртіп сақшылары зардап шеккендерді көліктен шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, дәрігерлерді шақырған. Олар жансақтау бөліміне жатқызылған.

Тәртіп сақшылары көлікте түнеген кезде мезгіл-мезгіл көлік ішін жылытып, ұйықтап жатқанда, моторды өшіріп тұру қажет екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар