Ақтөбе облысында тағы алты адамнан күйдіргі белгілері анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 507.07
  • 572.53
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында тағы алты адамнан күйдіргі белгілері анықталды

Ақтөбе облысында тағы алты адамнан күйдіргі белгілері анықталды

Ақтөбе облысында тағы алты адам күйдіргі белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 2 Шiлде 2004
  • 481
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 30-маусымда Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Көксу ауылының бір тұрғыны күйдіргінің терілік түрі деген диагнозбен ауруханаға жатқызылған. Ол 19-маусымда сиыр сою барысында қолын жарақаттап алғаннан кейін ауруға шалдыққан.

Ауру ошағында жұқпалы аурудың таралуына қарсы шаралар қолдану үшін Мемлекеттік эпидемиологиялық қадағалау мекемесінің облыстық басқармасының мамандар тобы келіп жетті.
1-шілде күнгі жағдаймен ауыл-үйлерді аралау барысында ауру белгілері бар тағы алты адам анықталды. Олардың барлығы да Ембі қаласындағы Мұғалжар аудандық ауруханасына жатқызылды. Сондай-ақ, науқас адаммен қарым-қатынаста болған 78 адам анықталды. Олардың 66-сы Ембіде, 12-сі Көксу ауылында. Бұл жерлерде жұқпалы аурудың таралып кетуіне қарсы шаралар қолданылуда.