Агенттік ақпаратына сәйкес, науқастардың жағдайы орташа және орташа ауыр деп бағалануда.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ақтөбе облстық денсаулық сақтау департаментіндегілердің пайымдауынша, Кеңқияқ тұрғындарының жаппай дертке шалдығуына сапасыз су тұтыну себеп болған. Ауылдағы су құбыры желісінен зерттеу үшін алынған су сынамасынан ішек таяқшасы анықталды.
Қазір ауыл тұрғындары тасымал сумен қамтамасыз етілуде. Жұқпалы ауру ошағында облыстық СЭС мамандары жұмыс істеп жатыр.