Ақтөбе облысындағы далалық өрт ошақтарын ауыздықтауға ерікті дружина өкілдері жұмылдырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысындағы далалық өрт ошақтарын ауыздықтауға ерікті дружина өкілдері жұмылдырылады

Ақтөбе облысындағы далалық өрт ошақтарын ауыздықтауға ерікті дружина өкілдері жұмылдырылады

Бүгін, 4-қыркүйекте Мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің Ақтөбе облыстық басқармасының мамандары далалық өрттерді сөндіру жұмысына ерікті дружиналарды жұмылдыру мақсатымен облыстағы аудандарға шыққалы отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық өртке қарсы күрес қызметінің инспекторы Айгүл Тілепова хабарлады.

  • 4 Қыркүйек 2003
  • 532
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, биыл облыс бойынша жалпы өрт саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 35 процентке азайған, биыл сондай-ақ, далалық жерлердегі өрт саны да едәуір азайды. Егер өткен жылы өрт қауіпсіздігі артатын кезеңде 88 далалық жерлердегі өрт тіркелсе, биыл оның саны небәрі 20-ны құрады.

Соған қарамастан, күн райының қапырық ыстық болуы өрттің тез тұтанып, тез таралуына жағдай жасап отыр. Мәселен, Әйтеке би ауданына өрт сөндірушілердің үш күн қатарынан баруына тура келді. 28-тамыздан бері бұл ауданның әр жерінде 220 гектар сахарада өрт шықты. Осы мерзімде Байғанин ауданындағы Қасқырапан өңірінде 140 гектар сахара өртенсе, Хобда ауданындағы Бегалы және Веселый аудандарында 70 гектар далалық жер өртеніп кетті.

Соңғы жаңалықтар