Ақтөбе қалалық әкімшілігі апатты жағдайдағы үйлерді жөндеуге 21 млн. теңге бөлді
Ақтөбе қалалық әкімшілігі апатты жағдайдағы үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатына 21 млн. теңге бөлді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Бұл қаржыға 6 ғимаратты , соның ішінде көбінесе жатақханаларды жөндеу көзделіп отыр. Күрделі жөндеу жөніндегі тендерде "Геракл" құрылыс компаниясы жеңіске жетті.
Барлығы 166 тұрғын үйден жедел күрделі жөндеуге тапсырыс түскен. Алайда, жобалық-сметалық құжаттарды дайындап, тексеру жүргізу негізінде күрделі жөндеуді айрықша талап ететін 6 ғимаратты жыл соңына дейін жөндеп бітіруге шешім қабылданды.
Ал жалпы алғанда, Ақтөбедегі апатты жағдайдағы үйлерді жөндеуге шамамен 360 млн. теңге қажет.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін