ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылдық округінде (Самара — Шымкент тас жолынан 50 шақырым жерде) 21 маусымда 19 сағат 05 минутта 1000 гектар аумақта орман массиві өртенді. Өрт 22 маусымда 23 сағат 30 минутта сөндірілді. Өртті сөндіруге 18 адам мен 5 техника, соның ішінде ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге, Павлодар облысы, Лебяжы ауданы Сарыөзек шатқалында (Майлыбай және Шарбақты ауылдық округтерінің шекарасы) 22 маусымда 19 сағат 43 минутта 2000 гектар аумақта орман массиві өртенді. Өрт 22 маусымда 23 сағатта сөндірілді. Өртті сөндіруге Маралды, Көкжал және Шалдай орман шаруашылықтарының 19 адамы мен 7 техникасы жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті