Ақтөбеде 5 жасар Темірлан Сандыбаев үсіп өлген - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде 5 жасар Темірлан Сандыбаев үсіп өлген

Ақтөбеде 5 жасар Темірлан Сандыбаев үсіп өлген

Осы Ақтөбеде із-түзсіз жоғалып, кейін өлі денесі Қарғалы өзені бойынан табылған бес жасар Темірлан Сәндібаев үсіп өліпті. Сот-медициналық сараптаманың қортындысы қолдарына тиген тәртіп сақшылары бүгін осындай мәлімдеме жасады.

  • 25 Қараша 2014
  • 282
Фото - Caravan.kz


Ардагер Уайдин, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

— 10-13 тәулік бұрын қайтыс болғандығы анықталып отыр.Оның өлімінің ағзасының жалпы тоңазуының салдарынан орын алғандығы белгілі болып отыр. Сот-медициналық сараптамасы Темірланның денесінен сыртқы және сүйек жарақаттарын анықтаған жоқ.

Бес жасар оқушының кісі қолынан қаза таппағанына тәртіп сақшылары сенімді. Сондықтан адам ұрлығы бойынша қозғаған қылмыстық істерін тоқтатпапты. Дегенмен Темірлан Сәндібаевтың өзен жағасына қалай жеткенін әлі де тексеретіндерін айтады. Ал сәбиінен айрылған ата -ана  сараптама қортындысына көңілдері толмай отыр. Олар ұлының үсіп өлгеніне сенбейді және істі полицейлер жылы жауып қоя ма деп күдіктенеді. Айта кетелік, қазан айының басында қақпа алдында ойнап отырған бес жасар Темірлан ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Оны екі апта бойы тәртіп сақшыларымен еріктілер жабылып іздеді. Кейін бүлдіршіннің өлі денесін саңырауқұлақ теруге шыққан тұрғын тауып алған болатын.