Жарияланды: 530

Ақтөбеде аптап ыстық салдарынан жедел жәрдем шақыратындар саны аптасына 230 адамнан асты

Ақтөбеде аптап ыстық салдарынан жедел жәрдем шақыратындар саны аптасына 230 адамнан асты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне қалалық жедел жәрдем станциясынан хабарлады.

Бұған дейін жедел жәрдем дәрігерлерінің көмегіне жүгінетін науқастар саны 170-тен аспайтын. Соңғы күндері Ақтөбеде ауа температурасы Цельсий өлшемі бойынша 40-42 градустан түспей тұр. Дәрігерлердің айтуынша бұл гипертония дертінен зардап шегетіндердің жағдайын ауырлатып жіберген. Ал Ақтөбелік күн райын бақылаушылардың болжамына жүгінсек, тамыздың екінші жартысынан бастап ауаның температурасы 25-30 градусқа дейін төмендейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін