Ақтөбеде автокөлікке қажетті газ тапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде автокөлікке қажетті газ тапшы

Ақтөбеде автокөлікке қажетті газ тапшы

Ақтөбенің авто газ құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Бірнеше күннен бері отын тапшы. Бұл жайтқа қатысты облыстық энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязов хабарлады. 

  • 28 Маусым 2016
  • 699
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, облысқа осы айда 4 мың, шілде айына 4,2 мың тонна газ қарастырылған. Ай аяқталмай жатып, газ қоры таусылған. Шілде айында да тапшылық сезілуі мүмкін.
— Сондықтан, тамыз айына біз одан да көп отын сұратпақпыз. Апта сайын газ құю бекеттерінде мониторинг жүргізіліп келеді, — дейді Амантай Бекниязов.

Оның айтуынша, бүгінде Ақтөбе облысында 206 мыңнан астам автокөлік тіркелген. Оның 24 мыңға жуығы газ қондырғысымен жабдықталған. Өз кезегінде бюджеттік мекемелердің 900-ға жуық автокөлігі газбен жүреді. Бензин мен газ бағаларының төрт есе айырмашылығын ескерсек, бұл көрсеткіш күн санап артып келеді.

Айта кетейік, бүгінде Ақтөбе облысында 60 газ құю бекеті жұмыс жасайды, оның 33-і облыс орталығында, қалған 27 бекет аудандарда орналасқан.


— Әрбір облысқа шамамен 3-5 мың тонна газ керек. Ақтөбе облысы бойынша 4,2 мың тонна көрсеткіш аз емес. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» бен «Қазмұнайгаз» компаниялары өндіретін газ өзге облыстардың да қажеттіліктеріне жұмсалады. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, т.б. облыстардың нарығына біздің газ жеткізіліп жатыр. Дегенмен, лимитті арттыру үшін министрлікке қолқа салып отырамыз, — дейді Амантай Бекболатұлы

Соңғы жаңалықтар