Жарияланды: 450

Ақтөбеде бес бірдей автокөліктің соқтығысуы салдарынан бір адам мерт болып, 12 адам жараланды

Ақтөбеде қала орталығындағы екі көшенің қиылысында КамАЗ, ГАЗель микроавтобусы мен үш бірдей жеңіл автокөліктің қатысуымен үлкен жол апаты болды.

KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ІІБ-ның жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлауынша, бастапқыда ВАЗ-21099 автокөлігі мен КамАЗ соқтығысып қалған. Соның салдарынан инерция заңына сәйкес тоқтай алмаған КамАЗ алдындағы басқа да автокөліктерді де соғып кеткен. Олардың арасында ішінде жолаушылар отырған ГАЗель микроавтобусы да бар. Жол апаты салдарынан 35 жастағы "Жигули" жүргізушісі жарақаттан мерт болды. 12 адам әртүрлі дәрежеде жарақаттанды. Қазіргі жағдаймен зардап шеккендердің біраз бөлігі үйлеріне қайтарылған. Ал бел омыртқасы үзілген "Ауди" жүргізушісі мен қаза тапқан ВАЗ жүргізушісінің басынан жарақаттанған 10 жасар ұлы облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Олардың ахуалы ауыр деп бағалануда. KZ-today тілшісіне белгілі болғанындай, соңғы уақыттарда Ақтөбе қаласында жол апаттары санының арта түсуіне байланысты жергілікті билік өкілдері қала аумағындағы көлік апаты жиі кездесетін жол бөліктерінде жылдамдықты сағатына 20 шақырымға дейін шектеуді жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть