Ақтөбеде бір түнде үш әйел өз-өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде бір түнде үш әйел өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбеде бір түнде үш әйел өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбе қаласында көпқабатты үйдің маңынан екі адамның мәйіті табылды.

  • 24 Сәуiр 2023
  • 38
Фото - Caravan.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуір түнгі екілер шамасында 102 пультіне "Ақтөбе Ажары" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты.

Қаза болғандар 31 және 56 жастағы әйелдер екені анықталды.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ жергілікті
"Ақтөбе Таймс"
сол түні тағы бір қыздың Әбілқайыр хан даңғылында өз-өзіне қол жұмсағанын хабарлады. Облыстық полиция департаменті 1996 жылғы қыздың 8-ші қабаттан секіріп кеткенін растады. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда.