Жарияланды: 530

Ақтөбеде есірткі сақтағаны үшін тұтқындалған жігіт қалалық ішкі істер бөлімі ғимаратының терезесінен секіріп кетті

Есірткі сақтады деген күдікпен тұтқындалған Ақтөбелік 21 жасар жігіт қалалық ішкі істер бөлімі ғимаратының үшінші қабатының терезесінен секіріп кетті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бірнеше сынық және бас жарақатына душар болған зардап шегуші облыстық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Қазіргі таңда облыстық ІІБ-ның ішкі қауіпсіздік қызметі аталмыш оқиға бойынша тергеу жұмыстарын қолға алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть