Ақтөбеде лифтте қаза тапқан әйелдің жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде лифтте қаза тапқан әйелдің жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтөбеде лифтте қаза тапқан әйелдің жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақтөбеде лифтте қайтыс болған Айзат Әбдісаматтың жолдасы Қайыржан оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

  • 8 Сәуiр 2018
  • 62
Фото - Caravan.kz

"Айзатпен болған жағдайға қатысты көптеген жалған ақпараттар айтылып жатыр, деп хабарлайды "Диапазон".

Барлығын өзім айтып берейін деп шештім. Мен оны лифттен өзім шығардым. Біреулер оның аяғын жұлып әкеткен десе, енді біреулер бала құлаған дейді. Айзат қызым екеуі үйге көтерілмекші болған. Бірінші қабатта тұрып лифтті шақырған, қызымды кіргізген, ол үш жаста, кейін өзі оң аяпен кірген. Сол аяғы қысылып қалған. Яғни, ол лифтке толық кірмей жатып, лифт жүріп кеткен. Бірақ оның еш жерін жұлып әкеткен жоқ. Қызым да құламаған. ПИК өкілдерінің айтуынша, лифттегі сым арқан ауыстырылған, жөндеуден өткен. Бірақ ол жерде сым арқанның еш қатысы жоқ. Механизм жұмыс істемей қалған. Есіктің жабылуына кедергі болса, ол жабылмауы керек, ашық тұруы тиіс. Яғни, Айзаттың аяғы қысылып қалған, ол кірмей жатып, лифт жүріп кеткен", — деді Қайыржан. Оның айтуынша, сотмедсараптама актісінде әйелдің өкпесі мен ішінің қысылып қалуынан қайтыс болғаны айтылған. Ішкі ағза жарылып кеткен, ол сөйтіп сол жерде көз жұмды. "Мен биліктің маған құлақ салғанын қалаймын. Мәселеге назар аудару үшін алдымен біреудің өлгені керек пе? Кемеровода адамдар өртеніп кетті, тексере бастады. Айзат қайтыс болды — лифттерді тексере бастайды. Біздің лифт ешқашан дұрыс жұмыс істеген емес. Айзат кіргенде кабина жабылмаған. Лифт екінші қабатта тоқтап қалған. Мен оны лифттен өзім шығарып алдым. Лифттің есігі этажда жабық, кабинаның есігі ашық болды. Бәлкім, тағдыр шығар. Сол кеште жұмыста кідіріп қалдым, келе жатып танысымның көлігі бұзылып, соған көмектестім. Үйге келсем лифт істемейді. Жаяу шығайын дедім. Есік алдында адамдар жиналып қалыпты, неге екенін түсінбедім. Екінші қабатта адамдар жүгіріп жүрді. Өтіп кеттім, бірақ неге екені кері қайттым. Маған лифт ішінде әйелдің ес-түссіз жатқанын, баланың жылағанын айтты. Саңылаудан қарап, менің әйелім мен қызым екенін көрдім. Ол жер қараңғы болатын. Қызым анасының қандай халде екенін көрген жоқ, бірақ сонда да қорқынышты еді. Бұл оның жадында мәңгі сақталып қалады. Айзат оған теріс қарап жатты. Қызым оны көрмесе деп тырыстым. Біз есікті бұзып, құтқарушылар келгенше Айзатты шығарып алдық. Мен ол еденде жатыр екен десем, салбырап тұр екен", — деп еске алды қайтыс болған әйелдің жолдасы. Оның айуынша, әйелінің денесінде еш зақым болмаған. "Менде әйелім тірі шығар деген үміт болды. Мен оған Айзат деп едім, жауап бермеді. Мамырда 28 жасқа толар еді. Бұл үйде бір жыл ғана тұрдық. Біздің үйлерге қызмет көрсететін ЖШС-ларға барлығы шағымданады. Ақша төлейміз, лифтке де, пайдасы кәне. Барлығының басы ашылады деп үміттенмін", — деді ол.


 
Оқи отырыңыз:
Кеудемді үлкейткім келеді: Дильназ Ахмадиева пластикалық операция жасатпақшы
«Қазақтың бұлбұлы» Күләш Бәйсейітованың қызы Алматыда бір бөлмелі пәтер жалдап күнелтіп жүр
Танымал әнші, термеші Аяз Бетбаев өмірден өтті
Соңғы жаңалықтар