Ақтөбеде немересін жетектеген қарияны көлік қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде  немересін жетектеген қарияны  көлік қағып кетті

Ақтөбеде немересін жетектеген қарияны көлік қағып кетті

Ақтөбенің қақ ортасында немересін жетектеген қарияны көлік қағып кетті. «Тайотаны» тақымдаған жүргізуші бағдаршамға қарамай, зулап өтпек болған.

  • 23 Шiлде 2014
  • 376
Фото - Caravan.kz


Жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан кейуана мен немересін микроавтобус түйіп барып тоқтады. Зейнеткер қатты соққыдан бірнеше метрге ұшып кеткен. Алғашқыда қан қызумен орнынан тұрған алты жасар қыз миы шайқалып, бас жарақатымен балалар ауруханасында ем алып жатыр. Әжесі де осындай диагнозбен төсекке танылған. Тәртіп сақшылары көліктің 37 жастағы жүргізушісі сол кезде сау болғанын айтады. Дегенмен жазасыз қалмайтынына сендіріп отыр.