Ақтөбеде полицейлер айғақ заттарды қасқана жоғалтып жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде полицейлер айғақ заттарды қасқана жоғалтып жіберген

Ақтөбеде полицейлер айғақ заттарды қасқана жоғалтып жіберген

Ақтөбеде тәртіп сақшыларына қатысты шу шықты. Ішкі істер департаментінің тергеушілері қылмысты дәлелдей алатын айғақ заттарды жоғалтып жіберген. Ал басшылары қарамағындағылардың салғырттығын бір жылға жуық жасырып жүріпті. Тек жәбірленуші тарап министрлікке арызданғаннан соң ғана шындарын айтқан. Қазір тергеушілердің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

  • 14 Наурыз 2015
  • 437
Фото - Caravan.kz

Тәжібиелі заңгер Света Сәрсенбаева жақын туысының өліміне қатысты тексеруді қолға аламын деп мүлдем ойламаған. Осыдан төрт жыл бұрын ішегіне жасалған отадан әкесі қайтыс болды. Дәрігерлер оның жүрек талмасынан бақилық болғанын айтқанымен, сараптама ақ халаттылардың салғырттығын дәлелдеп беріпті.

-Жетпіс жастағы Нұрғали Сәрсенбаевтың өліміне қатысты бірнеше мәрте сараптама жасалған. Барлығында дәрігерлер оның ішегін зақымдап алғаны айтылады. Қара жамылған отбасы осыдан кейін тәртіп сақшыларына шағым түсірген. Сосын ота жасаған мамандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Тексеруді қолға алған тәртіп сақшылары істі созып жібереді. Ақыры сол үшін тергеушілердің өздері заң алдында жауап беруде. Себебі, олар қылмысқа қатысы бар сараптама қортындысы мен өзге де айғақ заттарды жоқ қылып жіберген.

Света Сәрсенбаева, жәбірленуші:

-Бұл қасақана жасалған . Егерде бұл айғақ заттар жоғалмаған жағдайда кінәлі болған дәрігерлердің кінәсін толық дәлелдеп шығуға мүмкіндік болар еді.

Енді айғақ болмаған соң дәрігерлердің заң алдында жауап беруі екіталай. Ал ішкі істер департаментінің екі тергеушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ олардың айғақ затты жоқ қылғанын біле тұра жасырмақшы болған басшылары да шатылып жатыр. Дегенмен, осы оқиғаға қатысты тексеру жүргізіп жатқан прокуратура өкілдері жақ ашпай отыр. Ал Сәрсенбаевтар отбасы болса енді тергеушілердің де ісі жоғалып кетпесе екен деп тілейді.