Ақтөбеде жоғалып кеткен бес жастағы баланың мерт болу себебі анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.17
  • 565.65
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жоғалып кеткен бес жастағы баланың мерт болу себебі анықталды

Ақтөбеде жоғалып кеткен бес жастағы баланың мерт болу себебі анықталды

 Ақтөбе облысы полициясы бес жастағы Тамерлан Сандыбаевтың қаза болу фактісі бойынша сот-медициналық сараптама қорытындысын жария етті.

  • 24 Қараша 2014
  • 511
Фото - Caravan.kz


"Қорытындыға қарағанда, кәмілеттік жасқа толмаған Сандыбаев Тамерлан мәйіті табылғанға дейін 10-13 тәулік бұрын қаза болған. Табиғи температураның төмен болуы салдарынан ол организмнің жалпы салқындап қалуы себепті қаза болған", делінген дүйсенбіде облыстық ішкі істер департаментінен таралған ақпаратта.
Денесінің еш жері жарақатталмаған.
Бас жастағы Т.Сандыбаев 10-қазан күні Ақтөбеде ауладан жоғалып кеткен. Оны жүзге жуық полиция қызметкері, әскерилер, волонтерлер іздеген, бала екі аптадан соң қала маңындағы Заречный елдімекенінен Қарғала өзенінен табылған.