Ақтөбеде жұмыс орнында жараланған жұмысшы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде жұмыс орнында жараланған жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде жұмыс орнында жараланған жұмысшы қаза тапты

Ақтөбе облысындағы мұнай өңдеу зауытында шыққан өрттен жараланған жұмысшы қайтыс болды. Бір апта бұрын денесінің жартысы күйіп қалған Еркінбек Хайруллин ауруханада жатып, ақыры есін жия алмай кетті.

  • 24 Шiлде 2014
  • 258
Фото - Caravan.kz


 «Вернал Ойл Қазақстан» компаниясына тиесілі зауыттан өрт шыққан кезде төрт жұмысшы жараланған еді. Көз жұмған Еркінбекті сол бойда ұшақпен Орынбордағы күйік орталығына апармақ болғанымен дәрігерлер оған рұқсат бермепті. Ал оның басқа екі әртіптесі қазір Қандыағаш пен облыс орталығында ем алуда. Төртіншісі ауруханадан шыққан. Зардап шекендерге шығынды өтеу мәселесі комиссияның тексеруінен соң белгілі болады. Әзірге компания басшылары марқұмның жерлеу рәсімін ғана өз мойындарына алған.