Бұл өңірде грантқа құжатты екі жоғары оқу орнының ғимаратында қабылдайды.Осы маңға жиналған талапкерлер мен олардың ата-аналары кіріп-шыққан комиссия мүшелерінің ауызын аңдып отыр. Олар да нақты уақытын айта алмауда. Себебі, грантқа қатысты құжаттардың жартысы ғана Астанадан түскен. Толық тізім келмейінше іске кірісе алмаймыз дейді комиссия мүшелері. Бұл жағдай шалғай ауылдар мен өзге аймақтардан қатынайтындарға қиын болып тұр.
Бәкен Есенжолов,ата-ана:
-Өзім Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл қыстағынан келдім. Таңғы сегізде пойыздан түсіп, осы арада жүрмін. Адам қанша адам жиналып тұр. Не істейміз енді?