Жарияланды: 430

Ақтөбелік полицейлер Орал тұрғынынан 64 грамм героин тәркіледі

Ақтөбе облысында маусымның 14-і мен 19-ы аралығында өткізіліп жатқан «Допинг» жедел-алдын алу шарасы аясында есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері героинның ірі партиясымен есірткі саудагерін қолға түсірді, деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев.

Қаланың ескі бөлігінде жалдамалы пәтерде есірткі сатылатыны туралы оперативті ақпарат алған сақшылар Орал қаласының 32жастағы тұрғынын ұстаған. «Оның шалбарының қалтасынан 60 грамнан аса героин табылып, тәркіленді», - деді А. Иманғалиев. Тағы 4 грамм героин күдіктінің үйін тінту барысында оның заттарының арасынан табылды. Күдіктінің Оралдан келіп, Ақтөбеде пәтер жалдап тұратыны анықталды. Ол есірткіні 3 күн сатқан. Күдікті Орал қаласында нашақор ретінде тіркеуде тұр, бұрын есірткі сақтағаны үшін сотталған. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 259 бабы (есірткі заттарын сақтау және сату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін