Жарияланды: 510

Ақтөбелік полицейлер жол апатына түскен Қандыағаш қаласы тұрғынының туыстарын іздестіруде

Ақтөбелік полицейлер жол апатына түскен Қандыағаш қаласы тұрғынының туыстарын іздестіруде

Ақтөбеде полицейлер жол-көлік апатына түскен және қазіргі уақытта ауыр халде жатқан жас азаматтың туыстарын іздестіруде, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жол апаты 19 қараша күні Курсант тас жолында, «Машат» ЖШС-не қарама-қарсы жерде орын алды. УАЗ көлігінің жүргізушісі жаяу жүргінші - Қандыағаш қаласының тұрғыны 28 жастағы Қайсар Таубасаровты қағып кетті. Ол Ақтөбе қаласындағы теміржол ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Ақтөбе облыстық ІІД-нің тергеу басқармасы зардап шеккен азаматтың жақын туыстарын іздестіруде. Зардап шегушінің туыстары 936-403, 8705-919-5353 телефондарына қоңырау соға алады немесе Ақтөбе облыстық ІІД-нің 403 кабинетіне келуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін