Ақымақ болыңыз". Индира Расылхан ата-енесімен тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңес берді - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+25 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақымақ болыңыз". Индира Расылхан ата-енесімен тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңес берді

Ақымақ болыңыз". Индира Расылхан ата-енесімен тұрғысы келмейтін қыз-келіншектерге кеңес берді

Индира Расылхан ата-енесінен бөлек тұрғысы келетін келіндердің мұңын тыңдап, ақылын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 17 Наурыз 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

“Бір үйдің жалғыз баласына тұрмысқа шықтым. Бірақ ата-енесіз, бөлек тұрғым келеді” деген оқырманның сұрағына әнші: “Жаным, ата-ене деген қазына. Өзіңіз қалай қарым-қатынас жасасаңыз, ол кісілерден соны аласыз. Енеңіздің ескертулерін елемей, менсінбеушілікпен қарамаңыз. Сол кісілердің туған баласның қойнында жатырсыз ғой. Сіз де ене боласыз”, – деп жауап берді.

Желі қолданушылардың арасынан ұзақ жыл бірге тұрса да өзін еркін сезіне алмайтынын айтып, кеңес сұрағандар да табылды.

“Еркіндік… Түрмедесіз бе? Сіз өзіңізді-өзіңіз шектейсіз. Оның жақсы бір тәсілі бар. Ақымақ болыңыз. Сонда ешқандай мәселе болмайды”, – деп ақылымен бөлісті өнер иесі.


Бұған дейін өнер жұлдызы күйеуінен ажырасып кеткенін, жүрегінің бос екенін айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар