Арал мен Балқаштың тағдыры сабақ болмаған: Ашкөздік әлі қанымыздан кетпей жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал мен Балқаштың тағдыры сабақ болмаған:  Ашкөздік әлі қанымыздан кетпей жатыр

Арал мен Балқаштың тағдыры сабақ болмаған: Ашкөздік әлі қанымыздан кетпей жатыр

Дәніккеннен құныққан жаман. Біздің түбімізге сол құныққандар жететін секілді.

  • 21 Маусым
  • 17
Фото: ашық дереккөз

Атырау облысына қарасты Индер көліндегі жағдайды естіп, қоғам белсенділері қарсылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Тоқсаныншы жылдар болса түсінер едік, отбасының жақындары түйені түгімен жұтты ғой ол кезде, ешкім қой деген жоқ, халықтың қой деуге шамасы да келген жоқ. Ал, қазір «Жаңа Қазақстан» құрдық деп шулап жатырмыз, бірақ сол тоқсаныншы жылдардағы ашкөздік әлі «қанымыздан» кетпей жатқан сияқты, деп жазды журналист Оңғар Қабден.

Индер көлі деген әппақ көл, астының бәрі толған тұз бен минералдар. Қазір бұл көл мемлекеттің ерекше қорғауында. Сондықтан оған ешкім қолын сұға алмай отыр. Ал, Үкімет болса көлді сол қорғалатын нысандар тізімінен шығарып тастап, жеке бизнесмендерге бермекші көрінеді. Мұны Мәжіліс депутаты Асқар Садықов айтты.

Үкіметте сататын басқа ешнәрсе қалмады ма? Қазір ол жерге біздің бизнесмендер кірсе ертең-ақ бір грамм тұзын қалдырмай қазып алып, аймақтағы экожүйені быт-шытын шығаратыны аксиома (дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе) ғой.

Кезінде мемлекет оны ерекше қорғауға алса, демек сол кездегі ғалымдар бірнәрсені біліп айтқан шығар?! Тиісуге болмайтынын сол ғалымдар білді ғой?! Неге сонша құнығып кеттік?

Бұларға Аралдың, Балқаштың тағдыры сабақ болмаған секілді.