Арал өңіріндегі шағын бизнесті қолдау үшін бөлінетін несиелік ресурстардың сомасы 500 млн теңгеге жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал өңіріндегі шағын бизнесті қолдау үшін бөлінетін несиелік ресурстардың сомасы 500 млн теңгеге жетеді

Арал өңіріндегі шағын бизнесті қолдау үшін бөлінетін несиелік ресурстардың сомасы 500 млн теңгеге жетеді

Қызылорда. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Арал өңіріндегі шағын бизнесті қолдау үшін бөлінетін несиелік ресурстардың сомасы 2008 жылы 500 млн теңгеге жетеді. Бұл туралы жұмы күні баспасөз мәслихатында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Талғат Матаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 16 Маусым 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Облыстық бюджеттен шағын бизнесті қолдау үшін 150 млн теңге және тағы 100 млн теңге Арал өңірінің ауыл шаруашылық заттарын өндірушілерге бөлінді», деп атап көрсетті Т. Матаев. Оның айтуынша, жақында екінші деңгейлі банктердің жергілікті өкілдіктері арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу жөнінде облыс әкімдігі, бағдарламаның әкімшілігі (кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы — агенттік ескертпесі) және «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында несиелік келісімге қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті