Жарияланды: 630

аразда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы өтті

Бүгін Таразда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды.

Әр жылдары саяси қуғынға ұшырыған Тұрар Рысқұлов пен Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. 30-шы жылдары құрбан болғандардың ескерткішінің жанында өткен митингке Жамбыл облысының ардагерлері, жастары, ұйымдар мен мекемелердің өкілдері жиналды. «Миллиондаған отандасымыз құрбан болған сол сұрапыл жылдарды ұмытуға болмайды. Егемендікке қол жеткізу үшін сол заманғы ұрпақ қандай қиындықтарды еңсеріп, қандай азаптарды бастан кешіргендерін жастарға айтып отыру керек. Олардың қанымен келген тәуелсіздікті сақтау керек!», - дейді Жамбыл облысы білім беру саласының ардагері Раиса Шаталова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть