Армения ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімге биылғы 15 маусымға қарай қол қоюға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Армения ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімге биылғы 15 маусымға қарай қол қоюға ниетті

Армения ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімге биылғы 15 маусымға қарай қол қоюға ниетті

Армения ЕАЭО-ға қосылу туралы келісімге биылғы 15 маусымға қарай қол қоюға ниетті.  Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында мемлекет басшылары деңгейіндегі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында Армения Президенті Серж Саргсян осылай мәлімдеді.

  • 29 Мамыр 2014
  • 364
Фото - Caravan.kz

2-3 мәселені қарастыру керек екенін, сонымен қатар олар бойынша сарапшылық деңгейде тиісті шешімдер жасалғанына тоқталған Армения Президенті, «Осы орайда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа  Армения Республикасының қосылуы жөніндегі келісімге қол қойылуы мерзімін биылғы 15 маусымға дейін белгілеуді сұраймын»,-деді .

С.Саргсян сонымен қатар келісімге қол қойылғаннан кейін Армения 200-ге жуық заңнамалық актілерді қабылдауға кірісіп, бірқатар маңызды жүйелік қайта құруды қамтамасыз ету керектігін, сондай-ақ бұл шараларға кем деген 6 ай уақыт керек екенін атап өтті.