«Артық кеттіңіз!..». Қошанов атышулы депутатқа ескерту жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Артық кеттіңіз!..». Қошанов атышулы депутатқа ескерту жасады

«Артық кеттіңіз!..». Қошанов атышулы депутатқа ескерту жасады

ҚР Парламент Мәжіліснің спикері Ерлан Қошанов төменгі палата депутаты Бақытжан Базарбекке әдепсіз әрекет үшін ескерту жасады.

  • 11 Қазан 2023
  • 49
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Таяуда депутат Бақытжан Базарбек ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабекке:

"Егер жұмыс істей алмасаңдар, депутаттар сені де, министрді де жұмыстан  қуады", – деп сын айтқан болатын. Халық қалаулысының осы сөзі Қошановтың Базарбекке шүйлігуіне себеп болған. Өз кезегінде Ерлан Қошанов:

"Бақытжан Жұмабекұлы, ең алдымен, депутаттық этиканы сақтаңыз! Агрессиясыз сөйлеңіз! Екіншіден, сіз қойған сұрақтың маңызы зор екенін түсінемін. Бүгінде «Жер Аманат» комиссиясының арқасында 10 миллион гектардай жер қайтарылды. Бұл комиссиясының жұмысы екенін бәріміз білеміз. Ал сіздің жеке сұрағыңызда жердің әділеті әлде әділетсіз бөлінгенін қатысты болып тұр. Бұл жергілікті атқарушы органдарға қойылатын сұрақ. Бұл мәселе уәкілетті органдардың жауапкершілігіне қатысы жоқ мәселе", – деп Қошанов жер мәселесін өткір көтеріп жүрген депутатты сабырға шақырды.

Осылайша Ерлан Қошанов Бақытжан Базарбаектің есіне «Жер аманаты» комиссиясының құрамына Бас прокуратура, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы, жер ресурстары комитетінің басшысы, депутаттар, қоғам өкілдері кіретінін еске салып, комиссияның отырысында барлық тарапқа өзін мазалаған сұрақтарды қоятын мүмкіндігі бар екенін қадап тұрып айтты.

"Бақытжан Жұмабекұлы тағы да қайталап айтамын, мен палата басшысы ретінде регламенттің сақталуын қадағалауға тиіспін. Сондықтан сізге ескерту жасаймын!",  – деді Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар