Арыстағы балаларға 30 млн теңге бөлінді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арыстағы балаларға 30 млн теңге бөлінді

Арыстағы балаларға 30 млн теңге бөлінді

Апат болған Арыстағы балаларға отыз миллион теңге бөлінді.

  • 10 Шiлде 2019
  • 71
Фото - Caravan.kz


Бұл ақша жеткіншектердің Алатау бөктерінде орналасқан лагерьде демалуына жұмсалады. Сондай — ақ 150 бала отыздан астам дәрігердің тексеруінен өтеді. Әріптесім Гүлнәзия Мейірханқызы жарылыстан шошып қалған оқушылардың жай-күйімен танысып қайтты.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

12 жастағы Мерей Ералбектің бұл Алматыға алғаш рет келуі. Жанында жақындары жоқ демесе, бәрі ұнап жатыр дейді. Туған жері Арыстан алыстағанымен, сағынып қалған. Бірақ, сол күнгі дүрбелеңді ұмыту қиын дейді. Әсіресе, алты-артына қарамай, жалаңаяқ тауға жүгіріпті. Енді Алатаудың әсем табиғитын көріп, соның бәрін ұмытқысы келеді. 

МЕРЕЙ ЕРАЛБЕК, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Жақын дос тапқым келеді. Және осында барынша көңіл көтергім келеді. Бассейнге шомылғым келеді». 

Мерей секілді қиын күндерді ұмытып, бір серпілу үшін мұнда 130-дан астам бала келген. Бірінші күннен-ақ ұйымдастырушылар аяқтарын жерге түсірмей, барынша көңілдерін көтеруде. Лагерь тек демалу емес, оқу-сауықтыру. Сондықтан да, өңірдегі дәрігерлер де тәулік бойы кішкентай арыстықтарға көмекесетін болады. 

ГҮЛМИРА АЛТЫНБЕКОВА ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Балаларға клиникалық лабораториялық. Диагностикалық зерттеу жүргіземіз. + 00.35 Біздің отыздай қызметкеріміз келді. Оларға беруге қабылдауға дайын. Оның ішінде жаңағы психологтарымыз да бар».

Ал, әлеуметтік педагогтар оқушыларға сабақ үйретіп, тамағын қадағалайды. Үйін сағынған балаларға ата-аналармен тілдестіреді екен. Қазір арыс қаласында жаппай құрылыс жүріп жатыр. Үлкендер балаларға алаңдамауы үшін Алматы облысы игі іс істеуді қолға алыпты. Ол үшін қазынадан 30 миллион теңгедей қаражат жұмсаған. 

ГҮЛЖАН ЕЛУБАЕВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
"Арыс қаласынан 138 баланы Еңбекшіқазақ ауданындағы тау жанашар лагерінде ТҮрген шатқалында 20 күн демалады. Одан кейін Қапшағайдағы Күншуақ лагерінде 10 күн демалады. Балалардың жалпы демалысы бір ай көлемінде өтеді. 

Яғни, Түргендегі жиырма күнде бүлдіршіндер тау-тауды аралап, суға түсіп, әсем табиғатқа серуендейді. Арасында лагерьге елімізге танымал спортшылар барып қуантады деп жоспарлануда. Осы бір ай көлемінде демалыстан соң, Арыста өз отбасының да үйлерінің құрылысы аяқталып қалар. 

Соңғы жаңалықтар