Жарияланды: 150

Аш аю зираттағы жаңа жерленген мәйітті қазып алып кетті

Аш аю зираттағы жаңа жерленген мәйітті қазып алып кетті

Марқұмның мәйіті сол бойы табылмады.

Ресейдің Комсомольск-на-Амур елді мекенінде аш аю моланы қазып, мәйітті орманға сүйретіп әкетті. Оқиға Старт кенті аумағындағы қалалық зиратта болды, деп хабарлайды КТК.

"Түнде жыртқыш аң Старт поселогының ауданындағы қалалық зиратқа кіріп, жаңа жерленген мәйіттердің бірін қазып алып, орман жаққа сүйретіп әкетті. Оқиға орнында тек жыртылған киімдер ғана қалды", - делінген хабарламада.

Марқұмның мәйіті сол бойы табылмады. Аюлар бұл маңда талай рет болған, алайда бұған дейін оларға бірде-бір қабірді қазуға жол берілмеген еді.

Ресейде Гималай аюлары Приморье өңірінде, сондай-ақ, Якутия мен Хабаровск өңірінің оңтүстігінде кездеседі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін