Жарияланды: 2800

Ашық теңізге шыға алмайтын елдердің бұл кемшілігін артықшылаққа айналдыру үшін құрлықаралық транзитті дамыту керек

Ашық теңізге шыға алмайтын елдердің географиялық орналасуындағы бұл кемшілігін артықшылаққа айналдыру үшін аталмыш елдердің жердегі көлік әлеуетін пайдалану арқылы құрлықаралық транзитті дамыту керек. Бұл туралы пікірді бүгін, 28-тамызда ашық теңізге шыға алмайтын елдер министрлерінің Алматыдағы халықаралық конференциясында ЮНКТАД (даму және сауда конференциясы) бас директорының орынбасары әрі БҰҰ бас хатшысының көмекшісі Карлос Фортин ортаға

салды. К.Фортиннің пікірінше, теңізге шыға алмайтын барша елдер континент аясындағы транзитті дамытуға, сол арқылы өз елінің аумағын аса ірі жалғастыру базасына айналдыруға мүмкіндіктері толық. Алайда бұл мақсатты жүзеге асыру үшін көлік желісін дамытуға аса ірі көлемде инвестиция тартып, икемді баға саясатын ұстану, жеке өнеркәсіп саласын өз еліндегі инфрақұрылымдық институт ретінде дамыту қажет. БҰҰ Даму бағдарламасы администраторының орынбасары Зефирин Диабрэ мырзаның бағалауынша, ашық теңізге шыға алмайтын елдер үшін оқшаулану тауқыметінен құтылып сауда-саттықты дамыту үшін басты экономикалық даму құралы - аймақтағы экономикалық интеграцияны нығайту болып табылады. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін БҰҰ-ның даму бағдарламасы ашық теңізге шыға алмайтын елдермен белсенді жұмыстарға кірісуге құлшыныс танытып отыр. Дамудың тағы бір құралы - теңізге шыға алмайтын елдер үшін транзит саласындағы халықаралық конвенцияларға бірігу болып табылады. Мәселен, БҰҰ Еуропалық комиссиясының атқарушы директоры Бригитта Шмегнерованың пікірінше, осындай конвенциялардың қатарында халықаралық жүк тасымалы жөніндегі Кедендік конвенцияны (TIR) атауға болады. Бұл конвенциялар көршілес елдер арқылы өтетін транзитті жеңілдетіп, тауарлар үшін біртұтас транзиттік құжат жасауға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде конвенцияға мүше барлық елдер үшін тауар айналымы жеңілдей түсуі тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін