Жарияланды: 570

Әскерде қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты іс жылы жабылды

Әскерге барғанына апта өтпей жатып қайтыс болған сарбаздың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Жарты жыл бойы тексеру жүргізген тергеушілер ақыры кінәлілерді таба алмаған.

Оқыс оқиға маусым айында болған еді. Ақтөбелік жігіт Қостанайдағы әскери бөлімге барғаннан кейінгі бірер күннен соң табытпен оралды. Басшылығы Таңатқанды сапта тұрғанда сандырақтады деп, ақыл-есі кем жандарды емдейтін мекемеге жатқызған. Сонда тепсе темір үзетін жігіт есін жимастан қайтыс болды. Енді ұлынан айырылған қаралы отбасы істің бұлай жабыла салуына қарсы. Өйткені, әуел баста сарбаз уланған деген тұжырым жасалған. Сараптамада ішектерінің іріп кеткені айтылды. Дегенмен мамандар бозбаланың неден мұндай хәлге душар болғанын анықтай алмай отыр. Сондықтан әскери полициядағылар тергеуді одан әрі жалғастырудан бас тартыпты.

Дүйсенбай Өтепов, марқұмның әкесі:

-Жауап береміз деп успокаивать етті. Енді барлығы басын ала қашады. Біз білмейміз деп. Баламды Үкіметке тапсырдым. Отанын қорғайды деп. Енді жауапты адам табылмай жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін