Аслан Мусин қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аслан Мусин қызметінен кетті

Аслан Мусин қызметінен кетті

Аслан Мусин қызметінен босатылды. Бұл оның зейнеткерлік жасқа жетуімен байланысты болған. Мусин 2 қаңтарда 63-ке келді. 

  • 4 Қаңтар 2017
  • 603
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Caravan.kz тілшіс хабарлады.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Аслан Есболайұлы Мусин Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды" делінген Ақорданың хабарламасында.

Аслан Мусин әр жылдары Ақтөбе, Атырау облыстарының әкімі, ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, ҚР президент әкімшілігі жетекшісі, Қазақстан парламенті мәжілісінің спикері қызметтерін атқарған.