Жарияланды: 180

"Ассамблея қазақтан кешірім сұрасын!": Домбыра дауы не болмақ?

"Ассамблея қазақтан кешірім сұрасын!": Домбыра дауы не болмақ?

Ассамблея Қазақтан кешірім сұрасын!  "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ- домбыра" деп Қадір атамыз домбыраның қазақпен біте қайнасқан ұғым екенін, оны қал-қадірімізше құрметтеуімізді міндеттеп кеткендей болды.

Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы  adyrna.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Домбыра - Қазақтың жан дүниесінің жыршысы. Тарихымнан сыр шерткен, дүние танымымды ұғындырған, болмысымды сақтаған алтын сандық іспетті.

"Оңбай таяқ жепті": Домбыраны еденге ұрып сындырған өзге ұлт өкілі қазақтардан кешірім сұрады

Бүгін желіде өзге ұлт өкілдерінің домбыраны мазақ етіп, жерге бір ұрып сындырған видеосы тарады. Менің жерімде жүріп, нанымды жеп, суымды ішіп төріме сарып отырған ессіздерді көріп ашуымыз келді. Біз үйге келген жыланның да басына сүт құйып шығарған ел едік, біздің ақ көңілдігімді аңқаулықпен, жомарттығымызды ақымақтықпен шатыстыратын өзге ұлт өкілдерінің қылығы шектен шығып барады.

Әлемде бірде-бір елде біз секілді өзге ұлттарды қорғаштап, барын аузына тосып отырған ел кемде кем. Ассамблеясын құрып, әлпештеп танауларын делдитіп қойдық. Егерде телі-тентегін тия алмаса, ессізін тезге сала алмаса ондай Ассамблеясының бізге қажеті қанша. Өзге ұлттар бізді, біздің құндылықтарымызды қадірлей алмаса өз еліне барсын. Ассамблея басшылығынан домбыраны шағып, Қазақты мазақ қылған тентектерімен қоса Қазақ халқынан кешірім сұрауын талап етемін. Өзге ұлттарды басымызға көтеріп отырғанымызды түсінуге болады ғой, олай болмаса бізді ұлтшыл деп сөге көрмессіңдер! Ассамблея басшылығы осы арсыз, пасық тентектерінің қылығы үшін тағы айтам кешірім сұрасын!

Айбек Ережеп 

                                                                                                                                     

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін