Астана әкімдігі: Ақша айырбастау пунктері мен жанармай құю стансаларында дүрлігу болған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана әкімдігі: Ақша айырбастау пунктері мен жанармай құю стансаларында дүрлігу болған жоқ

Астана әкімдігі: Ақша айырбастау пунктері мен жанармай құю стансаларында дүрлігу болған жоқ

Еркін бағам тәртібі енгізілгеннен бері Астана әкімдігі ақша айырбастау пунктерінің қызметіне, тұрмыстық техника сататын дүкендердің бағасына, жанармай құю стансаларына мониторинг жүргізуде.

  • 1 Қыркүйек 2015
  • 528
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.

«Бүгінде тұрмыстық техника дүкендерінде, ақша ауырбастау пунктерінде, жанар-жағармай құю стансаларында қандай да бір дүрлігу байқалған жоқ. Атап айтқан бұл кәсіпорындарда жұмыстар қалыпты тәртіпте жүріп жатыр»,-деді әкімнің орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, электр тұрмыстық техника дүкендерінде сауда елеулі көлемде артқан екен.

«Электр тұрмыстық техникасының нарығында бағаның құбылмалығы жоқ. Сонымен бірге кейбір тауарларға бағаның ауытқуы байқалуда. Бұлар теңге бағамының ауысуына байланысты емес. Атап айтқанда, бұған кейбір тауарларға акциялық бағалардың тыйым салынуы және керісінше  өнімдерге акциялық бағалардың енгізіуі ықпал етті», — деді А. Лукин.