Жарияланды: 270

Астана әкімдігі үй сататын алаяқтардан сақ болуға шақырды

Астана әкімдігі үй сататын алаяқтардан сақ болуға шақырды

Алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткендігіне байланысты «Елорда даму» ЖШС жалға берілетін тұрғын үйді салу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатыспайтындығын және Астана қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыратындығын хабарлайды.

«Елорда даму» ЖШС салынған объектілердегі тұрғын үй «Астана қаласының тұрғын үй басқармасы» ММ жасалынған шарттың негізінде бұзылуы тиіс апатты үйлердің меншік иелеріне ғана беріледі, сонымен қатар Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 25/3 үй мекенжайы бойынша орналасқан кәсіпорынның сату бөлімінде тікелей алына алады. 

«Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу үшін Астана қаласының әкімдігінде кезекте тұрған азаматтарға «Елорда даму» ЖШС объектілерінен пәтерлер берілмейді. Абай болыңыздар, алаяқтарға сенбеңіздер!», - делінген әкімдік таратқан хабарламада. 


 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін