Астана мен Алматыда жөндеу жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан екі адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Алматыда жөндеу жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан екі адам қаза тапты

Астана мен Алматыда жөндеу жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан екі адам қаза тапты

Астана. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Астана мен Алматыда жөндеу жұмыстары кезіндегі оқыс оқиғаның салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Маусым 2008
  • 335
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, 9 маусымда 15 сағат 40 минутта Астанада «Вагон жөндеу зауыты» АҚ-ның аумағында екі метрлік кәріз траншеясын қазу кезінде топырақ опырылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, опырылған топырақ жұмысшыны басып қалу салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Сонымен бірге, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 9 маусымда 17 сағат 15 минутта 9 қабатты тұрғын үй құрылысы нысанында ғимараттың сыртқы өң бетін қаптау жұмыстары кезінде «Астана Құрылыс» АҚ-ның бір жұмысшы арматурщигі 6 -қабаттың биіктігінен құлап қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті