Астана мен Бурабай аралығындағы ақылы жолда «мобильді кассирлер» пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана мен Бурабай аралығындағы ақылы жолда «мобильді кассирлер» пайда болды

Астана мен Бурабай аралығындағы ақылы жолда «мобильді кассирлер» пайда болды

Кешеден бастап  Астана-Щучинск ақылы автожолында төлем қабылдау бекеттеріндегі барлық операторлар мобильді кассалық аппараттармен жабдықталып, жүргізушілерден қолма-қол төлем қабылдай бастады.

  • 1 Наурыз 2016
  • 330
Фото - Caravan.kz

«Төлем қабылданғаннан кейін көлік тоқтамастан өтуі үшін арнайы жолаққа бағытталады. Ол үшін пайдаланушы операторға өз көлігінің мемлекеттік нөмірін айтып, бекеттен бір рет немесе бірнеше мәрте өтуге қажетті төлемді жасайды», деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» компаниясынан.

Мамандардың сөзіне қарағанда, жаңа әдіс қалаға бағыт алған көліктер төлем қабылдау бекеттерінде көптеп жиналған кезде автокөліктер санын азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдан бері ақылы жолда «Касса 24» және«QIWI» төлем терминалдары арқылы алдын ала төлем жүйесі іске қосылған болатын. Енді бекеттерде кезекте тұрмас үшін сапар алдында жүргізушілер көліктің мемлекеттік нөмірі бойынша аталған терминалдар мен «Мобильді кассир» қызметі көмегімен алдын ала балансты толтыра алады.