Жарияланды: 440

Астана қаласының әкімі соғыс ардагерлерін коммуналдық төлемдерден босату жөніндегі бұйрықты жедел дайындауды тапсырды

Астана қаласының әкімі Темірхан Досмұхамбетов тиісті қалалық құрылымдарға соғыс ардагерлерін коммуналдық төлемдерден босату жөніндегі бұйрықты жедел дайындауды тапсырды. Бұл туралы бүгін, 5-тамызда KZ-today тілшісіне Астана әкімінің баспасөз хатшысы Анар Құсайынова хабарлады. Бұл тапсырманы жүзеге асыруға қалалық бюджеттен 12 млн. теңге бөлінбекші. Қазір Елордасы Астанада Ұлы отан соғысының 1000-нан астам ардагері тұрып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін